Bugin
Астанада Түркиядан келген құтқарушыларды күтіп алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Газиантеп қаласындағы жойқын жер сілкінісінен кейін көмекке барған қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны елге аман-есен оралды.
"ТЖ министрі Юрий Ильин және Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи құтқарушыларымызды күтіп алды және атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді" делінген хабарламада.
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарды. Қаза тапқан 88 адамның денесін шығарды.