Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАқмола облысында жеңіл көлік пойызбен соғысып, үш адам қайтыс болды. Зардап шеккендер бар деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, 20 ақпанда 46 жастағы Новокубанка ауылының тұрғыны басқарған Jiefang автокөлігі мен Бурабай-Астана жүк пойызы соқтығысқан.
"Салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен минивэннің екі жолаушысы көз жұмды: 1975 жылы туған әйел және 1985 жылы туған ер адам. Екеуі де Астана қаласының тұрғындары. Тағы үш жолаушы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды", – деп қосты полиция.
Алдын ала анықталғандай, минивэн жүргізушісі шлагбаумды айналып өтіп, бағдаршамның тыйым салатын сигналына теміржол жолымен жүріп өткен.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61