Bugin

"2 немереме 9 жыл қиянат жасаған": Алматы тұрғыны өгей әке әділ жазасын алғанын қалайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласының тұрғыны Наталья Басиенко екі бірдей немересі өгей әкесінен қиянат көргенін айтып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Sputnik Қазақстан тілшісі.

Наталья Басиенконың ұлы ажырасып, келіні екі қызын алып Таразға кеткен. Бұрынғы келіні өзінен 5 жас кіші ер адаммен азаматтық некеде тұрған.

"Былтыр наурыз айында келінімнің шешесі маған телефон соқты. "Наталья, мына қыздарға өгей әкесі қиянат жасап жүр екен" деп айтты. Содан ол ер адамды үйден қуып жіберейік дедік те, бұрынғы келінімнің жағдайын ойладық. Бұл екі қыздан басқа тағы сол ер адамнан 4 баласы бар", - дейді Наталья Басиенко.

Өгей әке рұқсат бермей, талай жыл ат ізін салмай кеткен балалар осы жаңа жылда Алматыға әжесіне қонаққа келеді.

"Демалып жатқанда екі немерем қасыма келді. Екеуі бір нәрсе айтайын десе батпай тұр, содан ақырындап сұрай бастадым. Өгей әке қандай қиянат жасағанын естіп, мен орнымнан тұра бере құлап түстім. Талып қалыппын. Қыздарға 7-8 жастан бастап жалпы 9 жыл бойы өгей әке анайылық жасаған. Төсектес болмаған, бірақ екі немерем басқа сұмдықтың бәрін көрген", - дейді ол көз жасы көл болып.

Осы оқиғадан соң Наталья Басиенко қаңтардың басында Таразға барып, бұрынғы келінімен бірге полицияға арыз береді. Ол кінәлі өгей әке жазасыз қала ма деп қорқады.

"Тараз қаласы полиция басқармасының 2-ші полиция бөліміне арызбен жүгінді. 38 жастағы әйелдің 33 жастағы бұрынғы бірге тұрған ер адамға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша арызы қабылданды. Тұрғынның айтуынша, оның кәмелетке толмаған қыздары күдіктіден зиян шеккен. Бұл жағдай 8 жыл бұрын болған. Осы факті бойынша қылмыстық кодекстің сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бабы бойынша тергеу басталды", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның айтуынша, қазіргі күні қылмыстық іс бойынша бірқатар сот-медициналық сараптама белгіленген.