Bugin

Ақтауда 20 жастағы ресейліктен Құран мен есірткі тәркіленді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтаудағы аудандардың бірінде полицейлер 20 жастағы Ресей азаматын ұстады. Оның қонысынан есірткі, Құран және тәсбих тәркіленді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол есірткі сатты деген күдікке ілінген.Сондай-ақ пәтерінен діни әдебиеттер де табылған.

«Жеке тінту кезінде қалталарынан 2 дана көлемінде электр лентасына оралған синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ, діни кітап пен тасбих тәркіленді», - деп хабарлады полицейлер.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.