Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖурналист Самал Қабышева әлеуметтік желіде ерекше оқиғаны бөлісті. Үйленемін деп бекінген жігіт соңында сан соғып қалғанын айтып журналиске хат жолдады. Қалың мал үшін несие алғанын айтқан азамат кейіннен алданып қалғанын білген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл жайлы Самал Қабышева өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.
- Қазақтар қатынды да кредитке алатын болды! Масқара, қалың мал үшін кредит алып жатыр. Кеше кредитін жабамын деген отбасы баласын сатты, бүгін үйленемін дегендер қалың мал үшін кредит алды. Не заман болып кетті?! Халық қашанға дейін кредитке батып өмір сүруі керек? Құрметті Президент?!
Тұрмысқа шығамын деген қыз мұғалім болса, айтарға, жазарға сөзім жоқ... Міне Қазақстанның бүгінгі келбеті, - деп жазды автор.
Оқырман да түрлі пікір білдірді.
"Қатынды да несиеге алатын болған ба? Ақылға сыймайды ғой мына тірліктері";
"Қазір таңғалатын дүние қалды ма? Баяғыдан бар дүние. Қарызданып, қауғаланып үйленеді";
"Мәселе кредитте емес, барлық мемлекетте кредит бар. Барлық мемлекеттің халқы кредит алады. Мәселе біздің елдегі кредиттің пайызында болып тұр. Бізе пайыз өте жоғары. Қазақтар надандықтан кредит алмайды. Амалы жоқтықтан алады. Біз мәселені қазақтар не болса соған кредит алады деп емес, бізде кредиттің пайызы өте жоғары, соны төмендетіңдер, пайызды азайтыңдар деп мәселе көтерейік. халықтың шыныменде жағдайы жоқ. Кредит алмағанда қайтеді. Ешкім қарыз бермейды. Жаңа Қазақтарға айтыңдаршы пайызын төмендетсін", - деген сынды пікірлер толып жетерлік.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61