Woman

Қызбен кездескенде қандай сұрақтар қою керек?

Жігіттерге кеңес

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жігіттер қауымы қызбен алғаш кездесіп жүре бастағанда, әңгіме кезінде ыңғайсыз тыныштыққа тап болып, не әңгіме айтарын білмей қалатын сәтті бастан өткерген болар. Мұндайда ақылды қыздар көмекке келіп, әңгімені одан әрі іліп әкетіп жатады. Дегенмен жігіт барлығын өзі тізгіндеуі тиіс. Бұл сөзден сексизм аңқып тұрғанмен, қыздардың табиғи болмысы талдырмаш, нәзіктікке ыңғайланғысы келіп тұратынын жоққа шығара алмаймыз. Ендеше жігіт сөз арасын ұзартып алмас үшін, әңгіме-дүкенді одан әрі жандандыра түсу үшін, қысқасы қыздың ішін пыстырып алмас үшін қандай сұрақ қойып, қандай әңгіме айтуы тиіс? Жазбаға назар аударыңыз.

Стандарт сұрақ: Қай жақта туып-өстің?

Түрленген сұрақтар: 

– Ол жақта саған қызық болды ма? Бала кезіңде көшіп кеткің келді ме?
– Өзіңді үйдегідей сезіндіретін мекен бар ма? 
– Туған жеріңде қайда баруға кеңес бересің?

Стандарт сұрақ: Үйде неше ағайындысыңдар?

Түрленген сұрақтар:

– Отбасыдағы ролің қандай болды? Ерке болдың ба әлде ақыл айтатын үлкені болдың ба?
– Отбасыңда ең жақыны кім болды?
– Аға-бауыр, әпке-сіңлілеріңнен қандай ерекшелігің бар?

Стандарт сұрақ: Қайда оқисың?

Түрленген сұрақтар:

– Университеттегі білім беру деңгейі күткеніңдей болды ма?
– Өз мамандығыңды жақсы көресің бе? Не үшін?
– Оқуыңды жалғастырғың келе ме? Иә болса, қайда?

Стандарт сұрақ: Хоббиің қандай?

Түрленген сұрақтар:

– Бір сәтке елестет: қаржы мен уақыт тапшылығы жоқ сен үшін. Бірінші немен айналысамын деп ойлайсың?
– Таныстарыңның ессіз хоббиін білесің бе? Мысалы менің бір танысым...

Стандарт сұрақ: Қандай музыка тыңдайсың?

Түрленген сұрақтар:

– Концертке барғанды ұнатасың ба? Кімнің концертінде болдың?
– Қай әнді жалықпай тыңдай аласың?
– Көпшілік біле бермейтін қандай орындаушыны тыңдауға кеңес бересің?

Стандарт сұрақ: Қандай жазушының ұнатасың?

Түрленген сұрақтар:

– Соңғы оқыған шығармаң қандай?
– Фэнтези жанрына көзқарасың қалай?
– Жеке кітапханаң бар ма? (Бұл сұрақты абайлап қою керек, егер жоқ болған жағдайда қызды ұялтып алуыңыз мүмкін).

Бұл тізімді шексіз жалғастыра беруге болады. Бастысы бір нәрсені біліңіз: кез келген сұрақты түрлендіріп, сұрақтан сұрақ тудырып, әңгімені одан да тереңдетіп, қыздың ішкі әлеміне үңілуге болады. Қыз да өзіне жаққан сұрақтар мен әңгімеден бір желпініп қалары сөзсіз.