Bugin

СҚО-да жоғалған ер адамның денесі қайдан табылғаны анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

СҚО-да жоғалған ер адамның денесі қар астынан табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 19 ақпан Янко станциясынан Ғ.Мүсірепов ауданының Жаңасу ауылы бағытында сағат 14:00 шамасында 45 жастағы ер адам жаяу шығып кеткен.

"Полиция қызметкерлері, құтқарушылар, еріктілер және жергілікті тұрғындар арасынан іздестіру іс-шараларын жүргізу бойынша 3 жедел-іздестіру тобы құрылды. 20 ақпанда Жаңасу ауылынан 3 шақырым жерде жоғалған адамның денесін қардың астынан табылды. Зорлық белгілері жоқ" делінген хабарламада.

Қайтыс болуының себебі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Процедуралық тексеру жүргізіліп жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61