Bugin
Түрмеде өзіне қол жұмсаған сотталушының асқазанынан соңғы хат табылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысында 155/8 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушы Әркен Қарасай өзіне-өзі қол салған. Әрі марқұм туған ағасына ақтық демі шығар алдында соңғы хатын жолдап үлгеріпті. Онда мұндай ауыр қадамға баруына нақты кімдердің себеп болғанын ашық жазған. Яғни, түрме қызметкерлері сотталғандарды ұрып-соғып, балағаттап өздеріне жұмыс істеуге мәжбүрлейді екен. Ал марқұм бұл азаптан құтылудың жалғыз жолы өз өмірін құрбан ету деп шешкен. Мекеме басшылығы болса, марқұмның мінезі де, мінездемесі де жақсы еді деп отыр. Айтуларынша, оның неліктен суицид жасағанын білмейді.
Әркен Қарасай 2021 жылдан бері ЛА-57 155/8 түзеу мекемесінде жазасын өтеп келген. Ал 15 ақпан күні таңғы 4-тер шамасында ағасына өз-өзіне қол салмақшы екенін хабарлапты. Өйткені түрмегі зорлық-зомбылық пен қысымға шыдай алмадым деген. Яғни, мекеме қызметкерлері сотталғандарды ұрып-соғып, намысын таптауды әдетке айналдырғанын айтқан. Әрі оған нақты кімдерді кінәлау қажеттігін де жазған. Сөйтіп, 4 қызметкердің атын атапты.
"Осыған жеткізген мекеме қызметкерлері. Атап айтатын болсақ, Жасұлан Қабылович, Әліпбаевич, Самат Төлегенович, Біржан Бақытжанович. Осы есімді кісілер мені тыныш өмір сүргізбейді. Бұл мекеменің заңы сол кісілер" , - деді Қылмыстық атқару жүйесі департаменті Алматы және Жетісу облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.