Bugin

Павлодарда қазандық жарылып, екі адам зардап шекті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодарда қазандық жарылды. Салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің алдын ала ақпараты бойынша, Павлодар ЖШС қазандығының ғимаратында газ-ауа қоспасының жарылған.

Жарылыс салдарынан қазандық ғимараты жартылай қирап, шатыры құлады. Екі адам зардап шекті. Олардың біреуі компрессор-оператор болса, екіншісі - автогаз тасығыштың жүргізушісі.

Қоңырау 16:27-де түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем және апаттар медициналық орталығының бригадасы жіберілді, – деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз орталығы.

Дәрігерлердің айтуынша, денесін күйік шалған 43 жастағы ер адам бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген. Ал 59 жастағы ер адам ауруханаға жатқызудан бас тартқан.