Әлем
Таиландтың Пхетчабун провинциясында жергілікті турист биікте орналасқан тамашалау алаңынан құлап, банан жапырақтары мен қалың шөптің арқасында аман қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы The Thaiger басылымына сілтеме жасап.
Оқиға Пху Тхап Бурк саябағының тамашалау алаңында болған - бұл азиялық туристердің сүйікті табиғи көрнекі орны. Есімі аталмаған, жергілікті саяхатшы жанында тұрған жасөспірімге көркем фонда суретке түсіруін өтінген: ер адам лайықты жерді іздеп жүргенде аяғы тайып кетіп, 70 метр биіктегі жартастан құлаған.
Оқиғаның куәгерлері дереу құтқарушыларға хабарлаған. Бұл аймақта қозғалу қиын болғанына қарамастан, жедел әрекет ету мамандары ер адамның құлаған жеріне тез жеткен. Олар турист ешбір ауыр жарақат алмағанын көргенде таңғалғанын жасырмайды. Болжаммен ер адамды банан жапырақтары мен қалың шөп аман алып қалған. Зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетіліп, аурухана жеткізілген.