Әлем
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com19 ақпанда Ресейдегі Саратов қаласында әскери институттардың бірінде 19 жастағы қазақстандық курсант өзін атып тастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Саратов 24" сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Ф.Э.Дзержинск атындағы ұлттық гвардия әскерінің институтында болған. Курсанттың мәйіті 19:00 шамасында табылған. Бұған дейін ол 18:00-де Калашников автоматын ұстап кезекшілікке шығыпты.
Бірақ уақыттан соң курсанттар қаруды өткізуге қойма алдында жиналған. Алайда қазақстандық курсант кептіргіш бөлмеге кетіп қалыпты. Қайғылы оқиға да дәл осы жерде орын алған. Әзірге мамандар курсант өзіне қол салуы мүмкін деп топшылап отыр.
Бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр, мән-жайы анықталады, – деді Росгвардия аймақтық басқармасының баспасөз қызметі.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61