Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАстанада көңіл көтеру орындарының бірінде 30 жас шамасындағы ер адам екі қызға күш көрсетіп, жарақаттаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ztb.kz сайтына сілтеме жасап.
Жәбірленуші қыздың айтуынша, ер адам Астанадағы тіс емханалардың бірінде балалар тіс дәрігері болып жұмыс істейді екен. Олар 18-ақпан күні "барда" танысып, бәрі бір салада жұмыс жасайтындарын біліп, құрбысын да сол сәтте таныстырыпты.
"Құрбым әжетханаға бара жатқанда, қаскөй соңынан еріп, оған жыныстық алымсақтық жасады. Ол қорғану үшін ер адамды итеріп жіберді, нәтижесінде жігіттің көзілдірігі сынды. Құрбым мұны айтқан бойда мен такси шақырдым",- деді қыз.
Құрбылардың айтуынша, сыртта такси күтіп тұрған кезде ер адам олардың соңынан күрек сияқты затпен келіп "сендерді ешкім таба алмайтындай көміп тастаймын" деп қорқытқан. Сол кезде онда пышақ бар екені анықталып, ер адам суық қарумен қыздардың бірінің қолын жарақаттап үлгерген.