Bugin

Ақтауда оқушыға дауыс көтерген мұғалім жеңіл жазамен құтылды (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтауда оқушыға дауыс көтеріп, дөрекі сөйлеген мұғалімге сөгіс жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Ақтаудағы №1 мектепте ұстаздың оқушыға дауыс көтеріп сөйлеп жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарағаннан кейін Маңғыстау облыстық Білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізді.

Видеодағы ер адам математика пәнінің педагогі ретінде 2018 жылдың 8 қаңтарында жұмысқа қабылданған.

Аталған оқиға бойынша жиналыс өтті. Мұғалім кінәсін мойындап, ата-аналардан кешірім сұрады. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 64-бабы 2-тармағына сәйкес мұғалімге «сөгіс», бақылауды әлсіреткені үшін мектеп директорына «ескерту» жарияланды, – деп мәлім етті Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен.

Мұндай жағдайлар қайталанбау үшін өңірдің білім беру ұйымдарына қатаң ескерту жіберілді.

Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.