Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАуыл халқымен кездескен әкім аңдамай сөйледі. Алматы облысы Іле ауданындағы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Жасұлан Оңалбаевтың сөзі тұрғындардың шамына тиді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеода жергілікті тұрғын әкімге оқиға болған жерге келуі керегін және өзін сайлаған халықпен бірге болуға міндетті екенін айтады. Ал бұл сұраққа басшы мүлде басқаша жауап берді.
Сіз қателесесіз. Мені депутаттар таңдады. Егер келесі жолы сайлауға қатысатын болсам, онда халық сайлайды, - деді Жасұлан Оңалбаев.
Ашуға булыққан ауыл тұрғыны одан: "Сіз кім үшін жұмыс істейсіз? Депутаттар үшін бе" деп сұраған. Оңалбаев алдымен "жоқ, әрине" деп, артынан "иә" деп жауап береді.
Кеше Оңалбаевқа сөгіс жарияланғаны белгілі болды – бұл туралы өңірдің мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті мәлім етті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61