Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comШҚО-да қарақшылық жасағаны үшін сотталған адам колониядан қашып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, 22 ақпанда ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің № 16 мекемесінен қылмыстық кодекстің 192-бабы ("Қарақшылық") 2-бөлігі бойынша сотталған адам қашып кеткен.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары шұғыл түрде басталды. Бір сағат ішінде қашқан адам ұсталды" делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес тергеудің егжей-тегжейлері өзге де мәліметтер жария етілмейді.
Қазір Өскемен қаласының ПБ ҚР ҚК 426-бабы “Бас бостандығынан айыру орындарынан қашу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ШҚО бойынша ҚАЖД қызметтік тексеру басталды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61