Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comПолиция жоғалған 21 жастағы ақмолалықты іздеп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
20 ақпан Көкшетау қаласының ПБ-на облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны 2002 ж.т. ұлы Божантаев Рахман Жасланұлын іздеуге жәрдем көрсету туралы өтінішпен жүгінді. 13 ақпан ұлы Астана қаласына кеткен. Осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз.
Әкесінің айтуынша, ұлы 6 ақпанда Астанадан қонаққа келіп, 13 ақпанда кетіп, содан кейін байланысын тоқтатқан.
Белгілері: бойы 170-175 см, арық денелі, шашы қара.
Жоғалған адамды іздеуге Көкшетау қаласы ПБ-ның жеке құрамы мен берілген күштер бағдарланған. Жас жігіттің белгілері бар бағдарлар Ақмола облысы ПД-нің барлық аумақтық бөлімшелеріне, көрші облыстардың ПД-не жіберілді.
Елордада іздеу іс-шараларын жүргізетін тәжірибелі қызметкерлерден арнайы топ құрылды. Жоғалған адамды іздеуге еріктілер де қосылды.
Р.Ж.Божантаевтың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие адамдардың барлығынан төмендегі телефон арқылы дереу хабарлауды сұраймыз: 87786453579, 87028779255, 8(7162)257805 немесе 102.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61