Әлем
"Өлім періштесі" атанған Анна Дракшин ауқаттыа отбасынан шыққан қарапайым қыз болды. Оның медицина саласына қызығушылығы оны құбыжыққа айналдырды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Күйеуін жерлегеннен кейін Анна үйдің бір бөлігінен зертхана жасайды. XIX—XX ғасырдың басында оны көпшілік шөп дәрімен емдеуші «Ануйка апа» деп атаған.
«Ануйка апа» күйеулерінен зардап шеккен шаруа әйелдерінің арасында кең танымал болды.
Әйелдер күйеулеріне шағымданып жатқанда, Ануйка жұбайларының салмағын есептеп , «сиқырлы суды» дайындайтын болған. Бұл сусынның құрамында өте қауіпті у саналатын мышьяк пен өсімдік токсиндерінің қажетті дозасы болған. Қоспаны қабылдағаннан бірнеше күн өткен соң, күйеулері бірден қайтыс болады.
Кейуана ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында кем дегенде 100-150-ге жуық еркетерді улап, солардың өліміне себеп болуы мүмкін.
Ануика апа 1928 жылы 90 жасында қамауға алынып, 1929 жылы бас бостандығынан айырылды.
Алайда жасына байланысты сегіз жыл ғана түрмеде отырған.