Bugin

Алакөл маңында жер сілкінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жетісу облысы Алакөл көлі маңында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, магнитудасы 4,1 балл болатын жер асты дүмпулері Астана уақыты бойынша сағат 08:01-де тіркелді.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 424 шақырым жерде орналасқан", - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,3. MPV магнитудасы - 4,1. Тереңдігі - 10 шақырым.