Bugin
2023 жылы 21 ақпанда «Қылмыссыз Әскер» науқаны талаптарын орындау барысында Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Б.С.Джарасов, әкімшілік тәжірбие бөлімінің бастығы майор А.А.Адамбекова және әкімшілік тәжірбие бөлімінің офицері аға лейтенант О.Берікпен бірлесе отырып, 03825, 16194 және 55065 әскери бөлімдерінің барлық санаттағы әскери қызметшілерімен әскери ортада құқық бұзушылықтарды болдырмау жене жол бермеу мақсатында бағытталған алдын алу іс-шаралары жүргізілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптары жеткізілді.