Bugin
Самара-Шымкент тас жолында 11 көлік соқтығысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ақтөбе облысында боран салдарынан үлкен жол апаты болды. Самара-Шымкент тасжолының Маржанбұлақ ауылы маңында 11 автокөлік соқтығысты.
Болжам бойынша боран салдарынан жол мүлде көрінбей қалған. Зардап шеккендер жоқ, алайда көліктер бүлінді. Ақтөбе облысының полицейлері жол қозғалысы кезінде жылдамдықты, арақашықтықты сақтауды ескертеді. Көктайғақ кезінде көлік құралдарының жүргізушілері кенеттен маневр жасамауы тиіс.Ал жаяу жүргіншілер жолдан өту кезінде жақын маңда автокөліктің жоқ екеніне көз жеткізуі керек. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы барлық автожолдар жабық, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.