Bugin
Қазақстандағы жануарларды қорғау қауымдастығының еріктілері ірі мөлшердегі ит етін сатушыларды анықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Олар сатып алушының атын жамылып Ақмола облысындағы адамдармен сөйлескен. Сол әңгіменің үзіндісі қауымдастықтың Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
Жануарларды қорғау қауымдастығының мәліметінше, иттерді жебемен өлтіріп, кейін сойып, тоңазытқыштарда сақтаған. Сонымен қатар, көпес «тауарды» тек қана үлкен көлемде, яғни шамамаен 100-200 килограммен сатады.
"Менсіз бірде-бір ит Астанаға қашпайды. Улысы (еттегі улы зат – Ред.) жоқ. Сіз бұл туралы алаңдамаңыз. Менен жарты қала алды, ешкім өлмейді. Мен оларды өзім де жеймін. Мен мұны алты жыл бойы істеп келемін және не және қалай екенін білемін", - деді ол әңгімеде.
Еріктілердің айтуынша, полиция қызметкерлері ер адамды ұстап, қару мен 750 келіден астам ит етін тәркілеген. ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы "Жануарға қатыгездікпен қарау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ішкі істер министрлігі жақын арада түсініктеме беруге уәде берді.