Bugin

Түркістанда қасапшыны пышақтап өлтіріп кеткен: Себебі белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

22 ақпанда Түркістанда ер адамды пышақтап өлтіріп кеткен. Полицейлер кінәліні анықтады. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Polisia.kz сайтыныңң мәліметінше, қалалық ПБ-ның кезекші бөліміне жедел жәрдем қызметінен көше қиылыстарының бірінде ер адамның мәйіті анықталғаны туралы хабарлама келіп түскен. Жәбірленуші базарда қасапшы болып жұмыс істеген.
               
"Ауыр қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары, куәгерлерден жауап алып, барлық полиция бекеттеріне хабарлады. Күдікті сол түні ұсталды. Ол - Түркістан қаласының тұрғыны. Жас жігіт өз кінәсін мойындады. Заттай дәлел ретінде ас үй пышағы алынды" делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, екі ер адам арасында мал етін кесуге қатысты жанжал туындаған. Нәтижесінде күдікті жәбірленушіні пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен.

ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша ("Кісі өлтіру") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.