Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comПавлодарда ер адам өз пәтерін өртеп, 5-қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, 23 ақпанда сағат 18:30 шамасында Павлодар қаласының полициясына "ер адам пәтерді өртеп, 5-қабаттан секірді" деген хабарлама келіп түскен
"Көрсетілген мекенжайға тергеу-жедел тобы жіберілді. Полиция пәтерде 36 жастағы ер адам анасымен бірге тұратынын анықтады. Ол мас күйінде пәтерді өртеп, 5-қабаттың терезесінен секірген. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ. Өрт сол жерде оқшауланды" делінген хабарламада.
Жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды. Істің мән-жайлары мен себептері тексеру барысында анықталып жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61