Спорт

Еуро-2020: Қазақстан іріктеу кезеңінде Ресейден ірі есеппен жеңілді

"Астана Арена" стадионында өткен ойын 0:4 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Еуро-2020 іріктеу кезеңінде Ресейден ірі есеппен жеңілді.

К тобының екінші айналымы 24 наурызда "Астана Арена" стадионында өтті және 0:4 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. 

Ойында есеп 19-шы минутта ашылды, ал голдың авторы Ресей және испандық "Валенсия" құрамасының жартылай қорғаушысы Денис Черышев болды. Бірінші таймда қазақстандық команда сапында ойыншылар алмасты - жарақаттан кейін оралған қорғаушы Юрий Логвиненконың орнына Ян Вороговский алаңға шықты.

Екінші доп бірінші тайм аяқталар тұста, қосымша уақытта соғылды. Үзіліске бірнеше секунд қалғанда Черышев дубль орындады, оған капитан Артем Дзюба көмек көрсетті.

Екінші таймда олар орындарын өзгертті. 52-ші минутта Дзюба Черышевтің нәтижелі пасына сәтті пайдалана біліп, Дмитрий Непогодовтың қақпасына үшінші гол соқты. 

Ресейліктер 62-ші минутта есепті еселеді. Соққыны тоқтатуға тырысқан қазақстандықтардың қорғаушысы Абзал Бейсбеков допты өз қақпасына салды. Қалған уақытта есеп өзгерген жоқ.