Bugin

"Бала азаптанып өлген": Әйел 1,5 жасар қызын ұлының көзінше өртеп жіберді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Келіншек 1,5 жасар қызын тірідей отқа жағып өлтіріп, қалған екі баласынан да айырылып қалды. Оқиға Ресейдің Алтай өлкесінде болған. Бұл туралы «Тайга.Инфо» жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

Өлке билігі ұлының көз алдында 1,5 жасар қызын жағып жіберген әйелдің отбасысы төңірегіндегі ахуал жайында айтып берді. Келіншектің бұдан басқа тағы екі баласы болған. Сосын балаларды анасынан алып қоюға тура келген.

Айтылып отырған жан түршігерлік әрі ессіз оқиға Совет ауданында болған. Анасының айуандық әрекетінен 1,5 жасар қыз сұмдық азаптанып өлген. Нәрестені сақтауға және қорғауға тиісті ең жақын адамы осылай оның үстіне май құйып, өртеп жіберген. Отбасында бұдан басқа тағы екі бала болған. Мына аса қатыгездікпен жасалған қылмысты әйелдің 8 жасар ұлы көріп тұрған. Қазір балалар мемлекеттік ұйымдардың қарауына берілді, – деп түсіндірді Алтай өлкесінің балалар құқығы жөніндегі уәкілі Ольга Казанцева.

Жантүршігерлік оқиға Алтай өлкесіндегі Урожайное селосында 20 ақпан күні тіркелген. Сол жерде тұратын әйел 1,5 жасар қызын қойма жанына әкеліп, үстіне бензин құйып жағып жіберген. Алған күйіктері салдарынан нәресте қайтыс болған.

Мәлімет бойынша, әйел қаңтар айында ата-аналық құқығынан шектелген екен. Ал отбасы бұрыннан нашар тұрмыспен есепке алынып келген.

Әйел ұсталды. Оның үстінен айрықша қатыгездікпен кішкентай баланы өлтіру бабы негізінде қылмыстық іс қозғалған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61