Bugin
Желіде Алматыдағы университтердің бірінің жатақханасы маңында түнде жастар арасында жаппай төбелес шыққаны туралы видео тарады.
Оқиға 23 ақпанда сағат 23:00 шамасында Алматы қаласы Бостандық ауданында болған. Бұл жағдайға қатысты бұзақылық дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігіне сәйкес соталды тергеу амалдары басталған. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.
Полицейлер 11 адам ұсталғанын мәлімдеді.
Видеоға сілтеме: t.me/buginkz_kz/2769