Спорт

Қоңқабаев өзбек боксшысына қарсы шығудан бас тартты: Неге?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Болгарияның астанасында өтіп жатқан Странджа кубогы үшін халықаралық турнирде боксшы Қамшыбек Қоңқабаев кезекті жекпе-жектен бас тартты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ол 92 келіден аса салмақта турнирдің ширек финалында өзбекстандық Баходир Джалоловқа қарсы шаршы алаңға шықпады. 

Бүгін Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісі Қамшыбектің шаршы алаңға шықпау себебі жайды мәлімдеме жасады. Онда жарақаты мен жаттығуға дайындығының аз болғаны айтылған.

"Қамшыбек Қоңқабаев қолындағы жарақатына байланысты Странджа рингіне шықпады. 1/4 финалда боксшымыз Баходир Жалоловпен кездесуі керек еді. Сонымен қатар, жаттықтырушылар штабының айтуынша, ауыр салмақтағы спортшымыздың жаттығу мен жарыс процесіне толық қатысуға уақыты тым аз болды. Алда маңызды жарыстар – Ташкентте өтетін әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азия ойындары күтіп тұрғандықтан, Қамшыбек қалпына келіп, ең алдымен денсаулығын ойлауы қажет", - деп хабарлады.

Осылайша Джалолов бірден жартылай финалға шықты.