Bugin
Әйел патрульдік көлікте қыз босанған.
23 ақпанда түнгі 00:00 шамасында Қарағанды полиция бөліміне отбасылық жанжал туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Orda.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған мекен-жайға келген инспекторлар Медет Төлегенов пен Берік Кеңесов ерлі-зайыптылардың жанжалдасып қалғанын, бірақ оны шешіп үлгергенін және бір-біріне шағымы жоқтығын анықтады.
Сол кезде инспекторға көмек сұрап бір адам келеді.
"Мен әріптесім екеуміз үйдің кіреберісінде тұрғанбыз, бір ер адам бізге жақындады. Ол жүкті әйелін арнайы көлікпен акушерлік-гинекологиялық орталыққа дейін шығарып салуымызды өтінді. Әйелдің суы жарылып, босанғалы жатыр. Күйеуі жедел жәрдем шақырған, бірақ ол келіп боламын дегенше... Босанған әйелді алдыңғы жолаушы орындығына, күйеуін артқы орындыққа отырғызған. Әйел толғағы басталып кетті деп тоқтауды өтінгенде біз бірнеше жүз метр жүрген едік", - деді Төлегенов.
Полицейлер бірден босанған әйелге медициналық көмек көрсетті. Біраз уақыттан кейін әйел қызметтік көліктің салонында аман-есен қызды дүниеге әкелді.
Патруль қызметкерлері сәбиі бар әйелді акушерлік-гинекологиялық орталықтың қабылдау бөліміне жеткізді.