Саясат
Қандай қызмет атқарады?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҰлыбританияның премьер-министрі орынбасары Ник Клегг әлемдегі ең бай және ең үлкен компаниялардың бірі Facebook-ке жұмысқа орналасты. Оның ондағы міндеті компанияның жаңа стратегиялық бағытын дамытады.
Марк Цукерберг жаңадан келген Ник Клегг мырзаға компания үлесінде маңызды рөл атқаратын адамдардың бірі ретінде қарауға уәде берді. Ал компанияның мұндай қадамға баруына себеп, соңғы кездері Facebook туралы мақтаудан бұрын, сын мен қарсылық тудыратын пікірлердің көбейіп кетуі.

Компания Ұлыбританияда сату жағынан рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Guardian басылымының жазуынша, 1,3 млрд фунт табыс тауып, 7,4 млн фунт қана салық төлеген. Ең қызығы, өз кезінде Ник Клегг елдегі салық төлеуден жалтарып жүрген ірі компанияларды сөз етіп, заңмен қудалайтынын жеткізген болатын. Ендігі әңгіме мүлде басқа. Өз атап көрсеткен ірі компанияның бірімен болған кездесу кезінде, Ник Клегг барынша қарапайым болуға тырысса керек.
Айта кету керек, бүгін дүйсенбіден бастап Ник Клегг Facebook кмопаниясындағы жұмысын бастап кетті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61