Bugin

Спорттық жарыста белгілі олимпиада чемпионы төбелесуге шақ қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Алматыда өтіп жатқан Naiza 49 турнирінде Batyrball ойынына қатысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы sports.kz сайтына сілтеме беріп.

Ойын кезінде Sever-Yug командасының мүшесі Сәпиевке қарсы күрестің бір әдісін қолданды. Бұл бұрынғы боксшыға ұнамады.

Сөйтіп аяқ астынан екеуінің арасында жанжал басталып кетті.

Серік Сәпиевтің Academy of Sports командасы жеңіске жеткен матч аяқталып, спортшылар қол алысқан кезде тағы да төбелес бола жаздады.

Batyrball - Naiza промоушнында танымал болған спорт түрі. Онда күрес пен баскетбол элементтері араласқан.

Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.