Әлем

Сирияда зілзалада өлі табылған адам жерлеу кезінде оянып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сирияда жер сілкінісінен кейін өлі табылған адам жерлеуге бірнеше минут қалғанда оянды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kp.ru сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, Ахмед Әл-Мағриб есімді жас жігіттің денесі Атариб ауданындағы үйінділердің астында тірі қалған адамдарды іздеу кезінде табылған. Сол сәттен бастап екі күн бойы ол мәйітхананың тоңазытқышында жатқан. Дәрігерлер сириялықтың жүрегі тоқтап, қайтыс болғанын айтқан. 

Қоштасу рәсімі кезінде ер адам қозғалып, өлді деп есептеген жанның тірі екені белгілі болған.

Ахмед Әл-Мағрибиді ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда оның жағдайы қалыпты.