МӘДЕНИЕТ

"Уәде берсем де...": Тайландта қаза тапқан қазақстандық музыканттың жары оның соңғы сөзін жария етті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жуырда көз жұмған қазақстандық музыкант Darkhan Juzz-дің жары instagram әлеуметтік желісінде жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Өзіңмен түскен суретті желіге салма дейтінсің. Көз тиіп кетеді деп, менің, балалардың маңдайына күйе жағатын едің. Маған барлық кезде, әсіресе, балалар дүниеге келгенде көмектестің.

Оның қандай музыкант болғанын бәрі біледі. Бірақ оның қандай керемет күйеу, әке мен ұл болғанын бәрі бірдей біле бермейді" делінген жазбада.

Сонымен қатар марқұм музыканттың келіншегі оның соңғы айтқан сөздерін де атап өтті.

"Соңғы сөздеріңнің бірі "Кешіріңдерші, уәде берсем де, сендермен бірге уақыт өткізе алмай жатырмын. Студиядамын. Шаруа көп, уақыт жоқ. Босаған кезде міндетті түрде уақыт бөлемін" болып еді. Осы жылға қанша жоспарың болғаныңа бақытты болып едің. Сен кетпеуің керек еді. Жоспарың олай емес еді..." , - деп жазды марқұмның жары.