Bugin

Алматы облысының тұрғыны екі ұлымен бірге өз үйінде тірідей жанып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кепебұлақ ауылында үйде шыққан өрттен 40 жастағы ер адам мен оның екі кішкентай ұлы тірідей жанып кетті. Оқиғаға қатысты облыстық ТЖД пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға баяндалған хаттың үзіндісін Facebook-те журналист Серік Әбікенұлы жариялады. Жазбаға сәйкес, тұрғындар өрт сөндірушілерді дер кезінде шақыра алмаған.

"Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кепебұлақ ауылында жантүршігерлік қайғылы жағдай болды. Үйде шыққан өрттен әкесі мен кішкентей екі періште баласы тірідей жанып кетті. Тұрғындар уақытында көмек шақыра алмаған, өрт сөндірушілерге хабар бере алмаған. Неге дейсіз бе? Ауылда ұялы байланыс жоқ", - делінген журналисттің жазбасында.

Сондай-ақ онда ауыл тұрғындары ұялы байланыс мәселесін он жыл бойы көтеріп келе жатқаны айтылған. 

"Алматы облысы ТЖД кезекші бөлім пультіне 24 ақпан сағат 18:28-де Ұйғыр ауданы Кепебұлақ ауылы Сағабай көшесі бойында жеке тұрғын үйдің аумағында орналасқан көлемі 72 шаршы метр уақытша тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу ТЖ департаментінің қызметкерлері барды. Ауыл мен оған ең жақын орналасқан Шонжыдағы 6 өрт сөндіру бөлімінің ара қашықтығы - 100 километр. Келгеннен кейін өрт орнында 1983 жылы туған үй иесінің және оның 2017 және 2019 жылы туған екі ұлының денесі табылды", - дейді облыстық ТЖД өкілі. 

Цифрлық даму министрлігі әзірге бұл іске қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Видео: https://t.me/buginkz_kz/2790 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61