Bugin
Ақмола облысында жүк пойызының машинисі үлкен үйір жылқыны қағып кетті. Бұл туралы Bugin.kz хабарлайды.
Бұл туралы 25 ақпанда Ішкі істер министрлігі хабарлады. Көкшетау-Жамантұз жүк пойызының машинисі теміржолда жылқылардың болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданған.
Бірақ соқтығыстың алдын алу мүмкін болмады, нәтижесінде 32 жылқы өлім құшты.
Пойыз 50 минутқа тоқтауға мәжбүр болды.
"Көкшетау стансасында Игілік ауылының 28 жастағы тұрғыны, үй жануарларын темір жолға шығарып жіберген. Осы табындағы жылқылардың қалған иелері ауыл тұрғындары жылқыларды кезек-кезек жаятынын түсіндірді, - " делінген хабарламада.
Осы факті бойынша, ҚР ӘҚБтК-нің 1-бөлімі 559-бабымен 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.