Әлем

"Басқыншылар еңбектей қашты": Украин әскері күйрете соққы берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина Қарулы күштері Ресей әскерлеріне Угледар түбінде тағы да күйрете соққы берді. Танктер өртеніп, басқыншылар еңбектей қашты. Бұл туралы «Диалог.ua» мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Әлеуметтік желіде Ресей армиясының Угледар бағытындағы шабуылының тас-талқаны шыққаны туралы түсірілген видео пайда болды.

Ресей Қарулы күштерінің Угледар түбіндегі кезекті шабуылы тоқтап қалды. Украина Қарулы күштерінің артиллериялары шабуылға беттеген ресейліктер колоннасын жойып жіберді, – деп атап көрсетті «Диалог.ua».

Украина артиллериясының жоғары дәлдікті соққылары ресейліктердің танктерін жойып жіберді. Барлау мәліметіне қарағанда, оккупанттардың бесеуі ғана аман құтылған, қалғандарының дені оққа ұшқан, тағы бірқатары тұтқынға түскен.

Израильдің әскери шолушысы Игаль Левиннің мәліметі бойынша, Ресей Қарулы күштерінің ақпан айындағы шабуылының басты бағыты Угледар болған.

Ресейліктер ақпан айында бірнеше мәрте бүкіл майдан бойына жаппай шабуылға шықты. Алайда оларға осы учаскені жарып өтудің орайы келмеген.

Ресей армиясы үшін Угледар бүкіл Донбасты басып алудың плацдармына айналуға тиісті болған. Бірақ идея іске асқан жоқ.