"Өгей әке": 6 жасар қыз зорлық көріп келген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қаңтар айында Астрахан аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Жанар Тәкенова кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық істі тергей бастады. Алты жасар қыз өгей әкесінен қорқып, бұрын болған оқиғаны анасына айта алмаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық істі тергеу барысында аға лейтенант барлық қажетті тергеу әрекеттерін қысқа мерзімде жүргізіп, сараптама қорытындысы бойынша қылмыскерді анықтады. Бұл Астрахан облысының тұрғыны 6 жасар қыздың өгей әкесі болып шықты.

Шабуыл жасаушының деректері белгілі болған күні ер адам қашып кеткенімен, тәртіп сақшылары күдіктіні дер кезінде ұстады.

Өз кезегінде зардап шеккен қыздың анасы полиция бөліміне тергеушіге алғыс хат жолдаған. Әйел құқық қорғау органы қызметкеріне кәсібилігі мен жедел әрекеті үшін шынайы алғысын білдірді.

«Тергеуші Жанар Тәкеноваға адалдығы, адамдарға деген сезімталдығы, түсіністігі мен мейірімділігі үшін алғыс айтамын» деп жазды ол.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61