Weekend

«Bugin» көрсеткішін қалай жинау керек?

Тәуелсіз авторлар сұрағы бойынша жауап

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлыстың ұлы күні Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы жаңа жобаны іске қосты. Жоба іске қосыла салып, түрлі сұрақтар және түсініспеушілік туындап жатыр. Сондықтан сайт әкімшілігі нақты авторлардан болған сұрақтарды сүзгілей келіп, тағы бір танымдық ақпарат беріп отыр.


Bugin – валюта

Bugin немесе (b.) дегеніміз, дәл бүгін жинау керек немесе бүгіннен қалса есептелмейді деген сөз емес. Бұл – валюта. Яғни, сіздің жалпы мақалаңыза немесе бір мақалаңыз жинай алатын көрсеткіш. Сіздің Bugin (b.) көрсеткішіңіз 150 000-ға жеткен кезде біз сізге осы көрсеткішті ақшаға айналдырып береміз. Комиссия ұсталады, қолыңызға 135 000 теңге көлемінде ақша аласыз.

Bugin-ді қалай жинау керек?

Bugin (b.) көрсеткішін жинау үшін сізге төмендегі бірнеше әрекетті жасау керек:

-          Тіркеліп, мақала ұсынасыз;

-          Ұсынған мақаланы сайт әкімшілігі қарап, содан кейін барып сайт бетіне шығарады;

-          Шыққан мақаланы өз парақшаңызды бөлісесіз немесе басқа топтарға (instagram, facebook, whatsapp секілді әлеуметтік желілер). Бөлісу міндетті емес, алайда сізге көп Bugin (b.) жинау үшін бұл өте маңызды;

-          1 немесе 50 мақалаңыз жиналып келіп 150 000 Bugin (b.) көрсеткіш жинауы мүмкін, сондықтан тек 1 мақала ғана 150 000 Bugin (b.) жинау керек деген шарт жоқ. Бастысы Bugin (b.) көрсеткішін біз қойған талаптағыдай жинау керек;

Bugin (b.) қалай есептеледі?

-          Мақалаңызға өткен адам санына байланысты ( көрілім);

-          Мақалаңызды сайттан өздеріне басқа желілерде бөлісу арқылы (бөлісім);

-          Мақалаңызға сайтта және әлеуметтік желіде өзгелер пікір қалдыру арқылы (пікір);

Осы негіздер бойынша Bugin (b.) автоматтандырылған жүйесі сіздің көрсеткішті есептеп, сайт бетіне шығарып береді. Сіздің жалпы көрсеткішіңіз сіздің тіркелген жеке кабинетіңізде көрсетіледі.