Bugin

Ердоған түрік халқынан кешірім сұрады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі жойқын жер сілкінісінен кейін құтқару жұмыстарының кешіккені үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы НТВ арнасына сілтеме жасап.

Ердоған Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен ең ауыр зардап шеккен Адияман провинциясына сапары кезінде халықтан кешірім сұрады.

Жер сілкінісінің әсері мен ауа-райының қолайсыздығынан алғашқы бірнеше күнде Адияманда қалағанымыздай жұмыс істей алмадық. Сол үшін кешірім сұраймын, - деді Ердоған.