Bugin

Назарбаевтың кеңсесін қаржыландыруды қысқартамыз - министр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Журналистер министрге сұрақ қою барысында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін қаржыландыруға 3 жылдың ішінде 5,6 миллиард теңге бөлінгенін айтып, «Елбасы» туралы заңның күші жойылғаннан кейінгі қаржыландыру қалай жүзеге асатынын сұрады.

Алдымен заң, заңға тәуелді актілер, тиісті қаулылар бар. Өзгерістер енгізілген кезде қаржыландыруды азайтамыз. Кей жерлерде қаржыландыруды мүлде алып тастаймыз. Біз үшін бұл түсінікті, заң әрдайым бірінші орында. Сондай-ақ қабылдануға тиіс заңға тәуелді актілер бар. Осыдан кейін қаржыландыруға қатысты шешім қабылдаймыз. Әзірге біртіндеп қысқартамыз», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар ол заңға тәуелді актілерді қабылдау мерзімі 2 ай көлемінде нақтыланатынын жеткізді.