Спорт

Джалоловқа қарсы шықпады: Өзбектер өзге ел спортшыларын мазақ қылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Спорт туралы хабар тарататын өзбекстандық Olamsport.com порталы Instagram желісінде Старнджа кубогінде Баходир Джалоловпен шығудан бас тартқан боксшыларды мазақ етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Баходир Джалоловтың Странджа кубогіндегі қарсыластары туралы қысқаша. Баходир Джалоловтың ширек финал, жартылай финал және финалдағы қарсыластары біздің боксшымен жұдырықтасқысы келмегенін еске салайық, - делінген карикатурада. 

Өзбекстандық Олимпиада чемпионымен жарыстың 1/4 финалында Қамшыбек Қоңқабаев, жартылай финалда әзірбайжандық Мухаммад Абдуллаев, ал финалда армениялық Давит Чалоян жекпе-жек өткізуден бас тартты.