Bugin
Түркістан облысының полицейлері су қоймасына аңшылыққа барып, жоғалып кеткен тұрғынды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
24 ақпан күні Бәйдібек аудандық полиция бөлімшесіне Жүзімдік ауылынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан Арыстанды өзенінің бойында жергілікті тұрғынның жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Іздеу жұмыстарына 100-ге тарта адам жұмылдырылды. Оның ішінде полиция, сүңгуірлер, төтенше жағдай қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары мен жоғалған адамның туыстары да бар. Оған қоса дрон аппаратының көмегімен 40 шақырымдай жерге шолу жұмыстары жүргізіліп жатыр" делінген хабарламада.
Аталған жайт бойынша полиция "Адам жоғалу" дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеді.
Су қоймасындағы суды азайту мақсатында арнайы техникалар жұмылдырылып, қосымша арналар қазылып жатыр.