Өнім

Павлодарда ата-анасына ренжіп, үйінен кетіп қалған қыздың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодар облысында ата-анасының жасаған ескертуінен кейін 8 жасар қыз үйден кетіп қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"27 ақпанда сағат 21:20-да әріптесім Саутов Бағдатпен Павлодар – Успенка автожолын патрульдедік. Жол бойында жалғыз жүрген қызды байқадық. Тоқтағаннан кейін олар қыздың жалғыз жүргенін көрген. Біз оны тыныштандырып, көлікке отырғыздық. Ол баланың 8 жаста екенін, ата-анасымен бірге Успен ауылында тұратынын анықтадық. Жағдайды одан әрі анықтау үшін кәмелетке толмаған баланы Успен ауданының полиция бөліміне жеткіздік", – деді Павлодар облысы ПД патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторы Болат Жұмашев.

Полиция мәліметінше, қыз кешке үй жұмысын орындағаннан кейін ата-анасы тапсырманың дұрыс орындалмағаны туралы ескерту жасаған. Осыдан кейін анасы далаға шығып, таза ауамен дем алуға кеңес берген. Ата-анасына ренжіген қыз үйден кетіп, Павлодар қаласына қарай бет алған.

Қызының үйде жоқ екенін ата-анасы тек полиция қызметкерлерінен білген.

"Бұл факті бойынша ата-аналарымен осындай фактілерді болдырмау туралы профилактикалық әңгіме жүргіздік. Заңды өкілдерге қатысты кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберу үшін материал жиналды. Онда ата-аналардың мінез-құлқы, сондай-ақ оларды ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік жауапқа тарту туралы мәселе қаралады", – деп атап өтті полиция.

Павлодар облысының полицейлері ата-аналарды қырағы болуға және балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады.