Спорт

Данияр Елеусінов Серік Сәпиев пен балуан арасындағы жанжалға пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2016 жылғы Олимпиада чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Naiza промоушен турниріндегі Batyrball ойыны кезінде Серік Сәпиевтің дауы туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

"Серік Сәпиев ағамыздың басынан өткен жағдайға пікір білдіргім келеді. Эмоцияға берілмеу үшін барлығының қалай болғанын, не болғанын бақылап, күттім. Нәтижесінде жас жігіт тарапынан дұрыс емес екенін байқадым. Себебі Серіктің қолында доп жоқ. Доп болмаған соң,неге олай лақтырады? Ол жерде Серік жарақат алуы мүмкін еді. Басқа да ойыншыларға қараймын.. Серікке әдейі жасалғандай болды. Бұл жерде Серіктің эмоциясы түсінікті. Ол жас жігітті ұрды дейді, ал жас жігіт Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы және Вэл Баркердің кубок иегерін  білуі керек", - деді Елеусінов.

Еске салайық, Серік Сәпиев Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza 49 турнирінде Batyrball (күрес пен баскетбол қоспасы) командалық ойынына қатысқан болатын. Жарыс барысында қарсылас команданың ойыншысы Зелімхан Мусиханов атақты боксшыға қарсы күрес әдісін қолданып, Сәпиевке ұнамай қалды. Соның салдарынан төбелес шығып, кейін киім ауыстыратын бөлмеде жалғасты, бірақ соңында тараптар жанжалды реттеп, қол алысты.

Batyrball – Найза промоушенінде танымал болған спорт түрі. Оған күрес пен баскетбол қоспасы кіреді.

Кейін Алматыда өткен Naiza 49 турнирінде Batyrball ойынында бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен төбелесіп кете жаздаған Зелімхан Мүсиханов кешірім сұрап видеоға түсіріп алған.