Bugin

Жезқазғанда жоғалып кеткен жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлытау облысында полицейлер жоғалған жасөспірімді тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

1 наурызда Жезқазған қаласының ПБ кезекші бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Оның жасөспірім қызы сағат 8:00-де үйден колледжге кетіп, оралмаған.

"Өз күшімен іздеу нәтиже берген жоқ. Қызды іздеу үшін барлық полиция қызметкерлері дабыл бойынша көтерілді. Сипаттамалары бар нұсқаулықтар дереу жіберіліп, жастар жиналатын барлық орындар тексерілді" делінген хабарламада.

Ал бір жарым сағаттан кейін полицейлер жасөспірімді тапты. Профилактикалық әңгімелесуден кейін жасөспірім ата-анасына оралды.