Экономика
Жалған делдалдар зейнетақы жинақтарының 50%-ын кез келген мақсатта жұмсауға алып беруді ұсынып жатыр. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы БЖЗҚ сайтына сілтеме жасап.
«Қор өз салымшыларына алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратуының жиілеп кеткенін ескертеді.Алаяқтар өздерін зейнетақы қорының қызметкерлері ретінде таныстырады. Кез келген ақыл-кеңесті БЖЗҚ бөлімшелерінен немесе байланыс орталығының 1418 нөміріне тегін қоңырау шалып қашықтан алуға болады» делінген хабарламада.