Әлем
АҚШ Ресей президенті ядролық қару жөніндегі келісімшартты біржақты бұзғасын соң, E-6B Mercury әскери ұшағын шұғыл түрде Исландияға жеткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы halyq-uni.kz сайтына сілтеме беріп.
«Қиямет күні кемесі» атанған ұшақ АҚШ Әскери-теңіз күштері командалық бекетінің функциясын атқарады. Сондай-ақ баллистикалық ракеталары бар сүңгуір атом қайықтарымен байланыс жүйесін қамтамасыз етуге арналған.
АҚШ Ресей Федерациясының Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақ туралы (СШҚ) келісімшартты тоқтатуы мен ұдайы ядролық қару қолдану ыңғайында қоқан-лоққы жасай беруі салдарынан Еуропаға өзінің «Қиямет күні кемесін» шұғыл жіберуге шешім қабылдады. Ол қазір Исландияның астанасы Рейкьявикке жеткізілді.
E-6B Mercury ұшағын АҚШ-тың Boeing компаниясы 1987 жылы жасап шығарған. Ол 1989 жылдан бастап қолданыста келеді. Жалпы саны осындай 16 ұшақ өндіріске енгізілген. Лайнер Ohio класты сүңгуір кемемен байланыс ұстап отырады. Сүңгуірдің бортында ядролық оқ-заряд алып жүретін Trident II D5 текті 24 ракетасы болады.
Сарапшылар АҚШ-тың мұндай қадамға 28 ақпан күні Владимир Путин Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақ туралы келісімшартты тоқтату туралы жарлық шығарғаннан кейін барып отырғанына еш күмәнданбайды.
НАТО мен АҚШ Путиннің мұнысын «үлкен қателік» деп бағалады. Ал Ресей тарапы мұндай қадамның жасалуына Ресейдің көптеген сәтсіздіктеріне себепкер болып отырған АҚШ кінәлі деп есептейді.
Әлемде державалар арасындағы ядролық текетірес енді басталды.