Bugin

Автобус жүк көлігімен соқтығысып, бірнеше адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің Алтай аймағының Рубцовский ауданында Семейге келе жатқан жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты. Бұл Bugin.kz порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2 наурыз күні Рубцовский ауданындағы А-322 тас жолында Новосібір-Семей бағытындағы жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты. Көлік апатынан 2 адам қаза тауып, 5 адам зардап шекті, олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің барлығы автобус жолаушылары», - делінген агенттік хабарламасында.