Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАқтөбеде ішімдікке салынған отбасының үйінде бір жасар және төрт жасар қиналған бүлдіршіндер анықталды. Дерекетерге сәйкес бір жастағы бүлдіршін Zello Poisk еріктілер тобы барған кезде өлі жатқан. Ал қарыны аш, қиналған төрт жасар бала кетерінде бауырын оятып, бірге әкетуді өтінген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Еріктілерге бұл отбасы туралы хабарлама алғаш рет қазан айында түскен. Волонтер Екатерина Голотинаның айтуынша, бүлдіршіндер ішімдікке салынған ата-ана қарауында екені және оларға қауіп төніп тұрғаны жеткізілген. Еріктілер бұл отбасының үйіне келген кезде мас ата-анасы мен ата- әжесін көріп шошыған. Олар тіпті келгендерге күрекпен қарсы шапқан.
Біз бірден полиция, жедел жәрдем және құзырлы органдарды шақырдық. Үйдегі 8 айлық және 4 жастағы екі баланы көршісі тамақтандырып келген. Балалар арық, көздері көгеріп, қарындары ашқан. Анасы бізге кенжесі сүт қоспасын ішпейтінін, сол үшін оған қант қосылған су беретінін айтты. Біз сол жерде-ақ оған сүт қоспасын беріп едік, ол бірден іше бастады. Анасы үлкен ұлының сөзін бөліп, оның қарны ашты ма деген сұраққа жауап бермеді. Бала соған қарамастан бізге тамақ ішпегенін және аш екенін мойындады, - деді Екатерина Голотина.
Бұған дейін де құзырлы органдар балаларды бұл отбасынан алып кеткен екен. Бірақ Балалардың құқықтарын қорғау, қорғаншылық және арнайы білім беру басқармасының басшысы Мира Нұрғалиеваның айтуынша, әкесі балаларын қайтару туралы арыз жазған. Осылайша балалар әкелеріне қайтарылып, кейін бұл отбасы мекен-жайын көрсетпестен ғайып болған.
Мекен-жайды таптық, отбасына бардық. Келгенімізде сұмдық көрініске тап болдық. Үстел басында екі қансыраған мас жігіт отырды. Шамасы, төбелесіп қалған. Анасы алақанын кесіп алған. Ол бізге кенже баласының пневмониядан қайтыс болғанын айтты. Ал сәбидің денесі әлі сол үйде болды. Үлкен баласы аштықтан жылап жатты. Біз барлық құзырлы органдарды шақырдық. Егер осы кезде келмегенімізде не болары белгісіз еді. Төрт жасар баланы жетектегенімізде ол өлі інісін оятып, өзімен бірге алып кетуді өтінді. Жүрегіміз жарылардай болды. Көлікте бала тамақ сұрады. Құзырлы органдардың қайда қарап отырғанын түсінбеймін. Балаларды мұндай қорқынышты өмірде қалай қалдырған, - деді ерікті.
Еріктілердің сөзінше сәби келесі күні жерленген. Алайда мас ата-анасы оның жеолеу рәсіміне келмеген де.
Біз қазан айында-ақ бұл отбасы туралы дабыл қаққанбыз. Құзырлы органдарға осындай қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді ғой. Енді балалар мұндай жағдайда өлмес үшін қайда жүгінуіміз керек. Олардың өмірін бақылауымыз керек еді ғой. Қайғыдан айтарға сөзім жоқ,- деді Екатерина.
№3 полиция бөлімі төрт жастағы баланы "Аяла" балаларды қолдау орталығына орналастырған. Кәмелетке толмаған баланың әкесін ата-ана құқығынан айыру мәселесін құқық қорғау комиссиясы қаралмақ.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61