Bugin
Атырау қаласында 16 жастағы жасөспірім биіктен құлап көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"2 наурызда сағат 23:30 шамасында 2007 жылы туған жасөспірім Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен құлап, қайтыс болды. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.
Ал облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнара Садуақасова марқұм болған жасөспірім қай мектептің оқушысы әзірге анықталмағынын айтты.