Әлем
ВВС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2035 жылға қарай әлемдегі 4 миллиардқа жуық адам артық салмақтан зардап шегеді. Тіпті семіздік балалар арасында қатты тарауы мүмкін. Бұл проблема Африка және Азия елдерінде жиі тіркеледі.
Дүниежүзілік семіздікке қарсы ұйым басшысы Луиза Баур бұл мәселемен күресу үшін қазірден алдын алу керек деп дабыл қақты. Болжам шындыққа айналмас үшін әр мемлекетте артық салмақпен күрес жұмыстарын қолға алу керек дейді.
“Негізінен семіздік халықтың табысы төмен мемлекеттерде жиі тіркелуде. Өйткені жұрт тағамды талғаммен тұтынбайды. Әрі өз салмағына мән бермейді. Сонымен қатар медициналық қызметтің де сапасы әсер етеді”, - дейді ол.
Бір қызығы, зерттеу нәтижесінде артық салмақтағы адамдар өздерінің семіздікке шалдығуына аса мән бермейтін көрінеді.